«Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушының 2019 жылғы 25 шілдедегі № 7 бұйрығына және «Қазақстан Экспорттық-кредиттік агенттігінің сақтандыру және қайта сақтандыру шарттарын жасасу және орындау бойынша есептіліктің тізбесін, нысандарын, мерзімдерін және ұсыну тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2025 жылғы 30 қыркүйектегі № 280-НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2026 жылғы 2 қарашадағы № 298-НҚ бұйрығы

«Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушының 2019 жылғы 25 шілдедегі № 7 бұйрығына және «Қазақстан Экспорттық-кредиттік агенттігінің сақтандыру және қайта сақтандыру шарттарын жасасу және орындау бойынша есептіліктің тізбесін, нысандарын, мерзімдерін және ұсыну тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2025 жылғы 30 қыркүйектегі № 280-НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2026 жылғы 2 қарашадағы № 298-НҚ бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушының 2019 жылғы 25 шілдедегі № 7 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:

12-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Егер Комитетке заңдарда кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кіріс мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.»;

14-тармақтың бірінші бөлігінің 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«11) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарда көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру.».

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.